Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Неке жаңғыртқан Жорабаева күйеуінен мәхрге салондағы көлікті сұрады

Жалпы, бүгін қазақ жұлдыздарының тұрмыс құратын күні болғандай. Ана жақта Алтынбекова, мына жақта Алтынай...

Неке жаңғыртқан Жорабаева күйеуінен мәхрге салондағы көлікті сұрады
фото: Instagram парақшасынан скриншот

Эстрада әншісі Алтынай Жорабаева екінші рет тұрмыс құрды. Ол бұл жаңалықпен өзінің Instagram парақшасындағы storis-інде бөлісті, деп хабарлады paryz.kz.

Жалпы, бүгін қазақ жұлдыздарының тұрмыс құратын күні болғандай. Ана жақта Алтынбекова, мына жақта Алтынай...

"Некемізді жаңарттық, достар, сүйінші. Алланың қалауымен некеміз қиылды. Неке бұрыннан бар, тек соны жаңарттық. Мәхр бұрын сұрап қойғанмын негізі. Бұл жолы салоннан көлік сұрадым. Бұрын, əрине, Алланың қалауымен, ата-анамыздың рұқсатымен некеміз болған еді. Алайда бүгін жаңартудың сəті түсіпті. Алла некемізді мəңгілік қайырлы етсін, жаным. Машинамды дайындай бер" , - деді Жорабаева.

Тағы оқи отырыңыз: Алтынбекова тұрмысқа шыққан сақалды жігіттің аты-жөні белгілі болды

Желі қолданушылар құтты болсын айтып, ақ тілегін арнап жатса, енді бірі мәхрге көлік сұраған әншіні сынға алды.

"Некені қалай жаңартады, некені қимай ма?", "Мәхрге қымбат зат сұраған жоқсыз ба?", "Мәхрдің сыйлығы екі қойдың ақысымен бірдей болса, қайырлы болады", "Әншілер үшін көліктің құны қоймен тең болып қалды ғой" деседі оқырмандары.