Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Жақсы қыз едің ғой»: Гүлмира Сатыбалды Сәуле Әбілдаханқызының курстасы болып шықты

Бүгін ғана Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сатыбалдымен бірге оқыған журналист Сәуле Әбілдаханқызы жылы лебізін білдірді, - деп хабарлайды Paryz.kz Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

«Жақсы қыз едің ғой»: Гүлмира Сатыбалды Сәуле Әбілдаханқызының курстасы болып шықты
фото: caravan.kz

"Әй, Гүлмира-ай... курстасым-ай...

"Қыз кезінде бәрі жақсы" демекші, жақсы қыз едің ғой... Дүние-боққа сонша ғашық болғаның не? 1 курста жүргенде айтып едім ғой, "бір-ақ сәтте өлеміз де қаламыз... адамшылығыңды, иманыңды, құдайшылығыңды ғана о дүниеге өзіңмен бірге ала барасың, басқасының бәрі қалады..." деп...

Сенімен "дос" болғанын мәртебе санап, сен лақтырған "сүйектен" ауыз тигенге өздерін бақытты санап, бастары айналып жүрген ортақ "достарға" да обал болды-ау... біреуі бір ауыз жанашырлық, тілектес көңілін білдірді ме? Әй, қайдам...

Әділдік орнағанына қуана отырып, өзіңе шын жүрегіммен Сочувствую... Құдай саған қуат берсін! Бастың амандығынан, деннің саулығынан және қоңыр тіршіліктен асқан бақыт жоқ екенін ендігі 7 жылда түсінсең екен деп тілеймін! Құдай жүрегіңе сәуле, жаныңа шуақ, тәніңе қуат берсін", - деп жазды журналист.