Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ БІРРЕТІК ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРІЛЕДІ

Биыл Ұлы Отан соғысына – 78 жыл. Осыған орай, Сыр өңірінен шыққан Ұлы Отан соғысының 6 ардагеріне мемлекет тарапынан 1,5 млн.теңге көлемінде бірретік жәрдемақы беріледі деп хабарлайды Paryz.kz.

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ БІРРЕТІК ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРІЛЕДІ
Сурет: Баспасөз қызметі

Бұған қоса, тылда еңбек еткен екі мыңнан аса азамат пен оларға теңестірілген жандарға 138 мың теңге көлемінде қаржы төленеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев хабарлады.

-Жыл сайын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне барынша әлеуметтік қолдау шаралары жүргізілуде. Биыл да бұл үрдістен жаңылмай өңірімізден шыққан батыр ардагерлерімізді құрметтеу шаралары ұйымдастырылады. Қазіргі таңда аймағымызда 6 Ұлы Отан соғысының ардагері мен оларға теңестірілген 4 177 азамат бар. Оларға мемлекет тарапынан ай сайын орта есеппен 178 мың теңге зейнетақы және 55 200 теңге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленуде. Ал соғыс жылдарында қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған 10 ардагерге 207 мың теңге көлемінде  қаржылай жәрдемақы беріледі. Сонымен қатар мамыр айының 6-10 аралығында ардагерлерге арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастыратын боламыз, - деді басқарма басшысы Ғабит Жаңабаев.

Айта кетейік, 5 мамыр күні  Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында Ұлы Жеңістің - 78 жылдығына арналған салтанатты шара өтеді. Ал 9 мамыр күні қаладағы «Мәңгілік алау» мемориялына салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі өткізіледі.