Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Жетісу облысында үш бірдей мектеп оқушысы жүкті болып қалған

Жетісу облысында үш бірдей мектеп оқушысы жүкті болып қалды. Олар Текелі, Сарқан қалалары мен Үшарал ауылында оқитын 9-шы және 10 сыныптың қыздары болып шықты. Ал бойжеткендер балаларын дүниеге әкеле ме, жоқ па, ол жағын ата-аналары шешеді. Қазір екі оқушының жүктілік мерзімі үш айдан асқан, мектепте сабағын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Жетісу облысында үш бірдей мектеп оқушысы жүкті болып қалған
© Sfgate.com

31-арна хабарлауынша, оқушысы жүкті болып, масқарасы шыққан білім ордасының бірі – Текелі қаласындағы №5 орта мектеп. Бала көтерген қыз 10-сыныпта оқиды. Қазір ол сәбиін алдыртып тастапты. Өзі толық отбасынан шыққан. Ата-анасы ажыраспаған. Мектеп басшылығы қыздың отбасы ел қатарлы жанұяның бірі дейді.

«Текелі қалалық полиция бөлімі сіз айтқан іс бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Соның нәтижесінде заңды шаралар қабылданады», - деді Текелі қаласы №5 орта мектебінің директоры Жанар Жақыпбекова.

Ал қалған жүкті екі оқушының бірі Панфилов ауданының Үшарал ауылындағы мектепте 9-сыныпта, екіншісі Сарқан қаласындағы №1 мектеп-гимназиясында 10-сыныпта оқиды. Екі жеткіншектің жүктілігі үш айдан асқан. Бойжеткендер қазір сабағын оқып жүр екен. Ал білім басқармасындағылар өздері балалы болғалы жатқан оқушыларға түсік жасатыңдар деп айтуға құқығымыз жоқ дейді.  

«Баласының өмірі мен қауіпсіздігі үшін әрбір ата-ана жауапты екенін ұмытпау керек. Баланың кіммен, қандай қарым-қатынаста екенін, оның достарының кім екенін, кешкі уақытта әлеуметтік желіде немесе басқа жерде кіммен байланысып отыр, мінез-құлқы қандай болып кетті, бәріне баса назар аударып отыру керек», - деді Жетісу облыстық білім басқармасының тәрбие ісі жөніндегі бас маманы Руслан Арсланов.

Ерте жүктілік бойынша оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізген дәл осы Текелі қаласындағы №8 мектептің басы дауға қалған болатын. Себебі шараны ұйымдастырушылар балаларға жезөкшелерге берілетін кеңес жайлы жазылған брошюраны таратып берген. Мұны көрген оқушылардың ата-аналары жағасын ұстап, шу көтерді. Осы даудан кейін мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сөгіс алды, ал жезөкшелерге арналған брошюраны оқушыларға таратып берген аурухана психологы жұмыстан кеткен еді.