Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Алматылық әжей лайфхактар жасап, YouTube жұлдызы атанды (ВИДЕО)

Қазіргі таңда оның 140 мыңнан астам көрермені бар.

Алматылық әжей лайфхактар жасап, YouTube жұлдызы атанды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Алматылық зейнеткер Гүлдана Жұмашева танымал фуд-блогер атанды, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Әжей 3 жыл бұрын YouTube-та қазақ тағамдарын дайындап, видео түсіруді бастаған. Осы уақытқа дейін ол 250 видео түсірген. Қазіргі таңда оның 140 мыңнан астам көрермені бар.

Зейнеткер журналистерге түркі халықтарының ежелгі мерекелік тағамы - нарынның қалай жасалатынын айтып берді. Ол тағамға дәмдеуіш пен шөпті көп қоспайтынын айтады. Себебі, олар нарынның шынайы дәмін кетіреді. Аспаз нарынды тек жылқы етінен дайындап, қамырды тек қолмен илейді екен. Ең бастысы, етті жұқа кесіп, оны жиі араластыру керектігін айтты. Кейін мұның бәрі сорпаға салынады.

"Мен ата-бабаларымыздың бірегей рецептін сақтап, жастарға беруге тырысамын. Әрине, жаңашылдық енгізуге, лайфхак ойлап табуға болады. Қазір ол сәнге айналып кетті ғой. Бірақ олай жасамаймын. Мен үй шаруасындағы әйелдердің тарихымызды біліп, оны балаларына айтқанын қалаймын. Сондықтан өзімнің YouTube арнамды аштым. Барлық комментатор менің рецептеріме оң бағасын беріп жатады. Бұл маған жаңа видео түсіруге мотивация береді", - дейді алматылық зейнеткер.