Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов айтты.
Оның айтуынша, елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша қылмыстық, әкімшілік жауапкершілік күшейді.
«Қозғалған қылмыстық іс саны 4 есеге, сотқа жіберілген істер саны 5 есеге артты. Қамаққа алу көрсеткіші 14 пайызға көбейді. Тұрмыстық зорлық жасаған адамдар бұрын өздері татуласып кетіп қалатын еді. Жәбірленуші арызын қайта алып, әкімшілік өндіріспен тоқтайтын еді. Қазір оны тек сот шеше алады, - деді ол.
Ахметжанов айтып өткендей, әйеліне екінші рет қол көтергендер қамауға алынады.