Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Маңғыстауда оқушыларға сабақ уақытында 18+ видео көрсетілген

ІТ-лицейдің математика пәні мұғалімі платформаны пайдалану ережелерін бұзып, математика сабағына бөгде адамдардың енуіне жол берген.

Маңғыстауда оқушыларға сабақ уақытында 18+ видео көрсетілген
фото: ашық дереккөз

Ақтауда IT-лицейлердің біріндегі онлайн сабақта зорлық-зомбылық көріністері мен бейәдеп сөздері бар видео көрсетілген, деп хабарлады paryz.kz, lada.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, аталмыш жайт 12 желтоқсан күні математика сабағында болған. Мұғалім оқушыларға конференцияға қатысуға рұқсат беріп, бөгде тұлғалардың қатысуын шектеген. Алайда, сабақ уақытында 18+ видео қосылып кеткен.

"ІТ-лицейдің математика пәні мұғалімі платформаны пайдалану ережелерін бұзып, математика сабағына бөгде адамдардың енуіне жол берген. Мектеп директорының түсіндірмесінде бейтаныс адамдардың дауысы естілгеннен кейін сабақтың бірден тоқтатылғаны айтылды. ІТ-лицейдің директоры осындай жағдайға жол берген математика пәнінің мұғаліміне "ескерту" түріндегі тәртіптік жаза тағайындады", - дейді Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев.

Ведомство осыған ұқсас жағдайдың өңірде бірінші рет тіркелгенін хабарлады.