Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ата-аналар ІІМ-нің басқа да академияларындағы бопсалаушылықты мәлімдеген

"Ұлым туралы мақала жарияланғаннан кейін маған WhatsApp-та ІІМ академиялары курсанттарының екі ата-анасы жазды", - деді Бекзат Иманғалиева.

Ата-аналар ІІМ-нің басқа да академияларындағы бопсалаушылықты мәлімдеген
фото: holanews.kz

Алматыдағы ІІМ академиясында асылып өлген 19 жастағы курсант Саламат Өтегеновтің анасы ұлының қазасы туралы мақала жарияланғаннан кейін оған басқа академия курсанттарының ата-аналары хабарласа бастағанын айтты, деп жазды paryz.kz, "Уральская неделя" газетіне сілтеме жасап.

Әйелдің айтуынша, ата-аналар өзге оқу орындарындағы дәл осындай бопсалау мен қысым туралы мәлімдеген.

"Ұлым туралы мақала жарияланғаннан кейін маған WhatsApp-та ІІМ академиялары курсанттарының екі ата-анасы жазды. Олар балаларының қай академияда оқитынын айтпады, бірақ жазғандардың бірі "балам қысым салдарынан ІІМ академиясынан кетті" деді. Екіншісі баласы оқып жатқан академияда да курсанттардан қаражат жинау фактілері болғанын жазды", - деді Бекзат Иманғалиева.

Басылым әйелге жазған ата-аналар аты-жөнін атамауды қалағанын және журналистермен сөйлесуге келіспегенін атап өтті.

Тағы оқи отырыңыз: "Мен кеттім": ІІМ академиясында оқып жүрген курсант суицид жасады

Еске сала кетсек, мақала жарияланғаннан кейін келесі күні  Алматыдағы ІІМ академиясының бастығы Өмірбай Смайлов қызметінен кетті. Онымен бірге тағы 6 қызметкер жұмыстарынан босатылды. Оқу орнын тексеруге министрліктің Ішкі аудит, Кадр саясаты және Өзіндік қауіпсіздік департаменттерінің қызметкерлері жіберілген болатын.

Келесі жылдың басынан бастап ІІМ-нің барлық оқу орындарына осындай тексерулер жүргізілмек.