Көппәтерлі тұрғын үйден шыққан өртке байланысты Екібастұз қаласында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған шаһар басшысының шешімінде жазылған.
«Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі №2 көппәтерлі тұрғын үйде болған өртке байланысты объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Әнуарбек Дүйсембайұлы Аманов төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын», - делінген Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекиннің шешімінде.
Құжат 17 мамырға дейін көпшілік талқысында болады.