Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ақмола облысында 100-ден астам ірі қара мен жылқы суға батып кетті

Ақмола облысы Атбасар ауданында 100-ден астам ірі қара мен жылқы Есіл өзеніне батып кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.  

Ақмола облысында 100-ден астам ірі қара мен жылқы суға батып кетті
Фото: видеодан скриншот

Қар аралас жаңбыр жауғанда қатты желмен ыққан мал мұз құрсауында қалып қойған. Арам өлген жануарлар Қаракөл, Қосбармақ, Сергеевка ауылдарының тұрғындарына тиесілі. Қазір жұрт шамасы келгенше жабылып, өлекселерді судан шығарып жатыр. Жергілікті шаруашылықтар халыққа техника беріп, өлген малды арнайы қорымдарға тасып жатыр. Әзірге шығын көлемі есептелген жоқ.

Сала мамандары суға батып өлген жануарлардың сақтандырылмағанын айтады. Сондықтан иелеріне ешқандай өтемақы төленбейді.