Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Шымкенттік алаяқ СҚО тұрғындарын сан соқтырған

Олар интернет арқылы өз аттарына микроқаржылық ұйымдардан қарыздар ресімделгенін анықтаған. Қарыз сомасы жарты миллион теңгеге дейін барған.

Шымкенттік алаяқ СҚО тұрғындарын сан соқтырған
фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері қызметтік іссапар барысында азаматтардың атына несие ресімдеген Шымкенттің тұрғынын ұстады, деп хабарлады paryz.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, тәртіп сақшылары интернет-алаяқтың бейтаныс адамдардың құжаттарын қайдан тапқандығы туралы айтып берді.

Маусымнан қыркүйекке дейінгі аралықта полицияға Петропавл қаласының 5 тұрғыны бірдей арызбен жүгінген. Олар интернет арқылы өз аттарына микроқаржылық ұйымдардан қарыздар ресімделгенін анықтаған. Қарыз сомасы жарты миллион теңгеге дейін барған. Интернет-алаяқты іздеу шаралары полиция қызметкерлерін оңтүстік аймаққа алып келген.

Полицейлер алаяқтыққа Шымкент қаласының 31 жастағы тұрғынының қатысы барын анықтады. Іссапар барысында күдікті өз үйінде ұсталды. Жауап алу кезінде ол жәбірленушілердің жеке куәліктерінің фотосуреттерін интернеттен тапқанын және сол адамдардың құжаттары бойынша несие алғанын түсіндірді.

"Күдікті Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстың бұл түрі үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сондай-ақ ұсталған азаматтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде", – деп атап өтті Петропавл қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Жангелді Əпенов.