Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Имам «сәлеметсіз бе» деп амандасудан арылуға шақырды

Желіде ұстаз Қабылбек Әліпбайұлының "сәлеметсіз бе" деп амандасудан арылу керек деген видеосы тарады, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Имам «сәлеметсіз бе» деп амандасудан арылуға шақырды
Фото: muftyat.kz

Бұл видео YouTube-арналардың бірінде пайда болды.

"Ғалымдар біздің сәлемдесуіміздің өзі, бауырлар, бұл нағыз мұсылманға жарасатын құлшылық деген. Яғни "әссәләму әлейкум" дедіңіз бе, құлшылық қылып жатсыз деп біліңіз. Бұл қазақтың жай ойлап тапқан үрдісі емес. Бұлай сәлемдесу - мұсылманның сәлемдесу әдебі. Демек, бәрін қойып, "әссәләму әлейкум" деп амандасу керек. Оны естіген адамдар "уә әләйкум әссәләм" деп жауап береу керек", -дейді ол. 

Ұстаздың айтуынша, "сәлеметсіз бе!" деп амандасу - Кеңес дәуірінде пайда болған үрдіс.

"Шыны керек, бізде "сәлеметсіз бе" деген кірігіп кеткен. Еркегі де, әйелі де "сәлеметсіз бе" дейді. Бұл "сәлеметсіз бе" қайдан келді? Ол Кеңес дәуірінде осы "әссәләму әлейкумді" қысқартқан түрі ғой. Сол кезде олар мұны ашық айта алмады. Содан олар "сәлеметсіз бе" дегенді қазақтардың менталитеті деп ойлап қалды. Бірақ біз тәуелсіз мемлекет болдық. Біз дінімізді толық игеретін заманға жеттік. Енді "сәлеметсіз бе" дегенді қою керек, бауырлар. "Сәлеметсіз бе" сызылмауымыз керек. Кейбірі өзбектер солай сәлемдеседі ғой дейді. Бұл - өзбектің, арабтың, түріктің сәлемдесу үрдісі емес, бұл - мұсылманға тиіс дүние. Демек, өзбек бауырларымыздың осылай сәлемдесуі шариғаттан алынған. Қазақта ғ-ны қосып айтатын болған. Бұл мәселе емес. Үйдегілерге дұрыс сәлемдесуді үйретіп қояйық. Бұл - Алланың "Әссәләм" деген есімі", - дейді имам видеода.