Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ақмола облысында азаматтарды жерлеу де жемқорлыққа ұласқан

Ақмола облысында азаматтарды жерлеу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттары мен мүдделі мемлекеттік органдар басшылығының қатысуымен өткен комиссия отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин мәлімдеді.

Ақмола облысында азаматтарды жерлеу де жемқорлыққа ұласқан
Фото: sputnik.kz

Мониторинг көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігіне, сондай-ақ мемлекеттік реттеу және ақпараттық жүйелердің интеграциясының болмауына байланысты болып отыр.

Мәселен, қайтыс болған адам туралы ақпаратқа ие болған қара ниетті адамдардың мемлекеттен жерлеуге арналған біржолғы төлемді алғаны, бұл ретте олар нақты жерлеу жұмыстарын жүргізбегені белгілі болды. Төлемдердің жалпы сомасы 450 мың теңгеден асатын осындай 10 факті анықталды.

Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмінің болмауына байланысты туысы жоқ азаматтарды жерлеу қызметін көрсетушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз жұмыстарының төлем сомасын ұлғайту үшін жалған жерлеу жұмыстарын қосып жазу мүмкіндігі бар.

Салттық қызметтер бақылауға алынбаған және лицензияланбайды. Сондықтан қызметтердің бағасын жерлеу агенттіктерінің өздері белгілейді. Бұл олардың көрсететін қызметтерінің, оның ішінде мемлекеттік сатып алу шеңберінде көрсететін қызметтерінің құнын негізсіз көтеруге мүмкіндік беріп, бұл бюджеттің негізсіз шығындарына әкеп соғады.

Жер заңнамасына сәйкес азаматтарды жерлеуге арналған учаскелер тегін бөлінеді. Алайда, тәжірибеде көріп отырғанымыздай, қалалардағы зират әкімшілігі қабірлерге арналған орындарды ілеспе қызмет түрінде сатады. Қосымша ақыға әкімшілер зираттағы ең қолайлы орынды таңдауға мүмкіндік береді. Мұның бәрі азаматтар тарапынан толығымен негізделген наразылықты тудырып отыр, бұған бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар да дәлел бола алады.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында Департамент уәкілетті орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар, оның ішінде заңнамалық сипаттағы ұсыныстар жолдады