Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Қорқып кетіп, туысымды шақырдым»: Оралда төсеніштерді қағуға шыққан әйел қоқыс жәшігінен нәресте тауып алды

Оралда жергілікті тұрғын қоқыс жәшігінен целлофан пакетке оралған тірі сәбиді тауып алған. Нәресте ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасаған Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Қорқып кетіп, туысымды шақырдым»: Оралда төсеніштерді қағуға шыққан әйел қоқыс жәшігінен нәресте тауып алды
Фото: pixabay.com

Порталдың БҚО полиция департаментіне сілтеме жасап жазуынша, 24 сәуірде сағат 11:30-да 102 пультіне Надежда көшесіндегі 66-үйдің артындағы қоқыс жәшігінен сәби табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Тірі жатқан жаңа туған нәресте целлофан пакетке оралған. Кейін полиция қызметкерлері сәбиді ауруханаға алып кеткен. Сондай-ақ полицейлер баланың анасын бірден анықтап, аталған фактіні Қылмыстық кодекстің 119-бабы ("Қауіпті жағдайда қалдыру") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркеген.

Порталдың мәліметінше, жаңа туған нәрестені тауып алған әйел ол жылап жатқан дауысты естіп, "қорапта мысық жатыр" деп ойлаған.

"Сағат 11:00 шамасында төсеніштерді қағу үшін аулаға шықтым. Шыққан дауысты мысықтың даусына ұқсаттым. Себебі, аулада мысықтар көп. Құлақ салып, тыңдап тұрсам, дыбыс баланың жылағанына ұқсайды. Мен қорқып кетіп, туысымды шақырдым. Ол пакетті ашып, ішінде нәресте бар екенін, қозғалып жатқанын айтты. Көршілерді шақырдық, бір ер адам баланы алып шықты. Сәби тірі, қатты жылап жатты, жаңа ғана туған сәби сияқты көрінді. Киімсіз, тек пакетте болды", - дейді жергілікті тұрғын.