Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Алматыда ТЖД бөлім басшысы пара алғаны үшін сотталды

ТЖД басшысымен бірге жеке ұйымның бас директорына да сот үкімі шықты.

Алматыда ТЖД бөлім басшысы пара алғаны үшін сотталды
фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Түрксіб ауданының бөлім бастығы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлады paryz.kz, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Ол бірнеше рет жеке компаниялардың басшыларынан бопсалау жолымен пара алды деп айыпталды. ТЖД басшысымен бірге жеке ұйымның бас директорына да сот үкімі шықты. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Түрксіб аймағы бойынша төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Нұржан Нұрташев 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Нұрташев "Хозу-Алматы" ЖШС-нің бас директоры Александр Бирюковтан өзінің коммерциялық қызметіне жалпы патронаттық қызмет көрсеткені үшін 20 мың теңге көлемінде пара алды. Сондай-ақ басқа жеке компанияның басшысынан анықталған бұзушылықты жою туралы бұйрыққа келуден бас тартқаны үшін 840 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Түрксіб аудандық сотының үкімімен Бирюков бір жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушылар өмір бойына мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.