Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Астарлы ақиқат» дегендерді жабу керек» - Ринат Зайытов

Депутаты Ринат Зайытов Мәжілісте өтіп жатқан комитеттің отырысында ттелеарналарда көрсетілетін "Астарлы ақиқат" сияқты бағдарламаларды жабу керегін айтты деп хабарлайды Paryz.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

«Астарлы ақиқат» дегендерді жабу керек» - Ринат Зайытов
Фото: Halyq Uni

“Зорлық-зомбылықты талқылап жатырмыз. Бірақ зорлық-зомбылыққа әкелетін тағы бір мәселе бар. Ол - балалардың ерікті бұзылуы. Ерікті бұзылып жатқан балалар бар. 15 жасынан бастап мефедронға отырады, 14 жасынан бастап жыныстық қатынасқа түседі. Осыдан кейін неше түрлі зорлық-зомбылықты көрсете бастайды”, - деді Ринат Зайытов.

Депутаттың айтуынша, ерікті бұзылған балаларды да оқшаулау, жауапкершілікке тарту мәселесі ұмытылып бара жатыр. Егер бір отбасында бала шикілік шығарса, онда оның ата-анасы, яғни бүкіл әулет жауап беруі керек деп санайды. Мысалы, қосымша мемлекеттік төлемдерден қағу немесе ата-анасына жұмыста сөгіс беру.

Сонымен қатар Ринат Зайытов бала 18 жасқа толғанша ата-ана мен мемлекет толығымен баланың әрекетіне жауап беруі керегін көтерді.

“Отбасылық жанжалдарды телеарналарда талқылауды тоқтату керек. Бұл Ақпарат министрлігіне тікелей қатысты. "Астарлы ақиқат" дегендерді жабу керек. Келіп алып, "мен қайын атаммен жаттым", "мені өгей әкем зорлады" дегенді бәрі жиналып, талқылағаннан кейін екінші адамда "сондай екен ғой" деген еріксіз ой туады. Осыны тоқтату керек”, - деді депутат Мәжілістегі комитет отырысында.