Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Түркістан облысындағы қыз өлімінің жай-жапсары белгілі болды

Түркістан облысында 9-сынып оқушысын пышақтап, денесін суға тастаған қос күдікті қылмысты қалай жасағанын айтып берді, деп хабарлады Paryz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Түркістан облысындағы қыз өлімінің жай-жапсары белгілі болды
Фото: stan.kz

Төрткүл ауылындағы мектептің 11-сынып оқушысы мен оның 19 жастағы сыбайласы марқұм Аружан Орынбайға ұқсас қыздың жартылай жалаңаш фотосын интернеттен тауып алған. Сол суретті бүкіл ауылға жаймас үшін Аружаннан ақша бопсаламақ болған. Бірақ екі арада жанжал шығып, олар 15 жастағы оқушыны өз үйінің артында пышақтап тастаған. Ал денесін арыққа ағызып жіберген. Бүгін олар қылмысты қалай жасағанын айтып, тергеушілерге оқиға орнын көрсетті.

«Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыс әрекетін қалай жасағанын оқиға орнында нақтылап көрсетті. Бүгінгі таңда екі жігіт қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен «адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», -дейді Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Марат Әбдірахманов.