Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Жүкті әйелін ұрған астаналық ер адам 10 тәулікке қамауға алынды

Астаналық азамат жүкті әйелін ұрғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жүкті әйелін ұрған астаналық ер адам 10 тәулікке қамауға алынды
Фото: ашық дереккөз

«102» арнасына елорданың 36 жастағы тұрғынынан оны жұбайы ұрып-соққаны туралы хабарлама келіп түсті.

42 жастағы ер адам үйінде кәмелетке толмаған екі баланың көзінше жұбайына қатысты балағат сөздер айтып, оның ар-намысы қорлап, оны ұрып-соққаны анықталды.

Белгілі болғандай, бұл ер адамның жұбайына бірінші рет қолын көтеруі емес. Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.