Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Министр елімізде бір-ақ жағдайда өлім жазасы қолданылатынын айтты

БҰҰ-ның 1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтары туралы халықаралық пактіні дамыту үшін қабылданған екінші халықаралық құжаты біздің елде 2005 жылы ратификацияланды...

Министр елімізде бір-ақ жағдайда өлім жазасы қолданылатынын айтты
фото: ашық дереккөз

Парламентте "Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заң жобасы қаралды, деп хабарлады paryz.kzInbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Сайттың хабарлауынша, БҰҰ-ның 1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтары туралы халықаралық пактіні дамыту үшін қабылданған екінші халықаралық құжаты біздің елде 2005 жылы ратификацияланды.

"Президенттің жарлығына сәйкес 23 қыркүйекте БҰҰ жаныдағы Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаров екінші факультативті хаттамаға қол қойды. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы заңның 11-бабының 1 және 2 тармақтарына сәйкес, екінші факультативті хаттама ратификациялануы тиіс. Халықаралық құжатқа сәйкес қол қоюшы елдер өлім жазасын қолданбау және өз заңнамасы шеңберінде өлім жазасының күшін жою үшін барлық қажетті шараларды орындау міндеттемесін қабылдайды. Жалғыз ерекшелік, соғыс уақытында өлім жазасын қолдану туралы заңды түрде рәсімделген ескертпе болған жағдайда рұқсат етіледі", – деді Сыртқы істер  министрі Мұхтар Тілеуберді. 

Оның түсіндіруінше, Қазақстан өлім жазасын бір жағдайда ғана қолдану құқығынан бас тартпаған.

"Қазақстан Республикасы екінші факультативтік хаттаманың 2-бабына сәйкес соғыс уақытында жасалған әскери аса ауыр сипаттағы қылмыс үшін кінәлі деп танылғандарға соғыс уақытында өлім жазасын қолдану құқықығын өзіне қалдырады", - деді министр.