Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Сәбиді​ үйге шығару ​шоуға​ айналды»: Маңғыстауда перзентхана қызметкерлері тұрғындарға өтініш жасады

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы тұрғындарға үндеу жариялап, медициналық орталықтың алдында дүркіретіп шоу жасамауды өтінді. Бұл туралы мекеме Facebook-тегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Сәбиді​ үйге шығару ​шоуға​ айналды»: Маңғыстауда перзентхана қызметкерлері тұрғындарға өтініш жасады
Фото: әлеуметтік желіден

Мекемедегілердің айтуынша, қазіргі таңда Маңғыстау облыстық перинатальдық​ орталығы ғимаратының кіре беріс алдында​ сәбилерді​ үйге шығару ​шарасы шоуға​ айналды. ​

«Күнде сағат 14.00-ден​ бастап жұмыс аяғына дейін ​орталық алды тойдағыдай у-шу, қып қызыл би, қымбат көліктер, шоу бағдарламалар, түрлі аниматорларға толып, ​тума-туыс, дос-жаран кішігірім той жасайды. Қанша ескертсек ​ те қарапайым халық та, аниматорлар да түсінер емес, думан той күнде жалғасуда. ​Тұрғындар жаңа босанған ана мен өмір есігін ашқанына бір жеті де толмаған сәбиге ерекше күтім мен тыныштық керек екенін біле тұра, баян, домбыра, әншілерді, аниматорларды жалдап, дрон ұшырып, өлең айтып, концерт ұйымдастыруды үйреншікті әдетке айналдырып отыр», - делінген хабарламада.

Перинаталдық орталық тұрғындарға бұл медициналық мекеме екенін еске салып, перзентханада тек қуаныш қана емес, ауыр да жағдай болатынын айтты. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

​«Аса құрметті жерлестер!​ Ең алдымен, біздің орталық – медициналық мекеме. ​Мұнда тек қуаныш қана емес, басқа да ​ жағдайлар болып жатады. Бір аналар сәбиін құшағына алып қуанып жатса, кейбірі​ жансақтау бөлімінде өмір үшін күресуде. Әсіресе, өте аз​ 500,0 -700,0 гр. салмақпен дүние есігін ашып, 2-3 ай бойына арнайы құрылғыларда ​ оңалтудан өтіп жатқан сәбилерге аса қажетті​ тыныштық​ жағдайдың ​ бұзылуы. Музыканың ​үні дауыс күшейткіші арқылы қатты шығады​ және ол барлық бөлімдерге анық естіледі. ​Шулы жағдай медицина ​ қызметкерлерінің​ жұмыстарына да ​ кедергі келтіруде. Орталық ғимараты​ типтік ​ жобамен салынған, сәбилерді ​ шығаруға бөлек​, басқа орын қарастыру мүмкіндігі жоқ», - делінген хабарламада.

Осылайша мекеме перзентхананың​ алдында той-думан ұйымдастырмай, ананы сәбиімен шығаруға 2-3 жақын адамы ғана келуді өтінді.