Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Халықтың алдында Жигули Дайрабаевтың ар-ожданы таза» - Мәжіліс депутаты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Анас Баққожаев әріптесі Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты іске пікірін білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.

«Халықтың алдында Жигули Дайрабаевтың ар-ожданы таза» - Мәжіліс депутаты
Фото: әлеуметтік желіден

Аталмыш жағдай туралы біз сайлауға дейін де білдік. Бұл бұрыннан келе жатқан мәселенің бірі. Кандидат тіркеген уақытта қолымызда толық ақпарат болды және алдағы уақытта қандай тәуекелдер болатынын да білдік, — дейді депутат. 

Сондай-ақ, мәжілісмен сот шешіміне қарай олар ересек азаматтар болғандықтан, заң және қоғам алдында бәріне бірдей жауап беруге міндетті деп есептейді.

Ал Жигули Дайрабаевтың жеке өз басына және бұл іске де ешқандай қатысы жоқ. Ол абыройы бар, ары таза, біздің партиямыздың бір мүшесі. Осы бір аптаның ішінде өзін белсенді көрсетіп жатыр. Сондықтан да фракция ретіндегі біздің көзқарасымыз осындай, — дейді «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі, депутат Анас Баққожаев.