Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Екі жасында сахна төрінде домбырамен ән салған бүлдіршін жұртты тәнті етті

Интернетте көпшілік алдында домбырамен ән салған кішкентай баланың бейнежазбасы қызу талқылануда, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Uaqyt.Info-ға сілтеме жaсап. 

Екі жасында сахна төрінде домбырамен ән салған бүлдіршін жұртты тәнті етті
Фото: видеодан скриншот

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан кіп-кішкентай бүлдіршіннің сахна төрінде домбырамен ән шырқағанын көресіз. Ән әуеніне домбыраны дыңғырлатып үйлестіре шертіп отырғанын да байқауға болады.

Бейнежазбада бұл жағдайдың Қытайда болғаны жазылған. Яғни, бүлдіршін 2 жасында көпшілікті өз өнерімен тәнті еткен.

Желідегі жұрт та баланың әуезді әніне тоқтаусыз пікір жазуда.

"Қазақ болған түріңнен, әніңнен, домбыра тартқан қолыңнан айналдым". "Қазақтай ұлт әлемде жоқ". "Ботақанға сәттілік! Тіл көзден аман болсын". "Бәрекелді сары алтын ботақан, көп жаса", - деген жылы тілектерін қалдыруда желі қолданушылары.