Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Тірі қалған 13 жасар қыз есін жиды»: Ақтөбеде пәтерден өлі табылған әйел мен балаға қатысты тың дерек шықты

Ақтөбеде 35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлының өліміне қатысты жаңа деректер айтылды. Қазір тірі қалған 13 жасар қыз есін жиған, ал көршілері қылмыс болған күні күдікті ештеңе байқамағанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

«Тірі қалған 13 жасар қыз есін жиды»: Ақтөбеде пәтерден өлі табылған әйел мен балаға қатысты тың дерек шықты
Фото: diapazon.kz

Полиция тергеу барысы туралы да, күдіктілер жайлы да ақпарат бермеген. Гетиндер отбасы Жеңіс даңғылындағы үш қабатты үйде тұрған. Екатерина кафеде әкімші болып жұмыс істепті. Ал Вадим колледжде, София №16 мектепте 6-сыныпта оқыған. Көршілері мен мұғалімдер де отбасында жанжал болмағанын айтады.

Полицияға қылмыс туралы ақпарат таңғы 05:30-де түскен. Көршілерінің айтуынша, 13 жастағы София полицияға хабар берген екен. Өзі де мойнынан пышақ жарақатын алып, шұғыл ота жасалды.

"Қыздың жағдай орташа ауырлық деңгейінде, өзін жақсы сезінеді. Есін жиған, салалық бөлімге ауыстырады", – деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапахов.

Мектеп әкімшілігі де Гетиндер отбасы жайлы оң пікір білдірген.

«Софияның сынып жетекшісі отбасының жағдайын тексеру үшін жиі баратын және тек оң пікір айтатын. Олар біздің мектепте 1-сыныптан оқиды. Вадим екі сынып оқып, колледжге кетті. София – байсалды қыз. Сыныпта достары көп, барлығы жақсы оқиды. Бұл жаңалықты естігенде таңғалдық. Қазір қыздың сыныптастарымен психологтар жұмыс істеп жатыр, ал біз оқушылармен сөйлесіп жатырмыз», – деді мектеп директоры Эльвира Ғалымова.

Қанды оқиғадан бірнеше күн бұрын Софияның әкесі өзіне қол салған. Гетиндердің туыстары қыздың соңғы уақытта ешкіммен араласпағанын мәлімдеді. Қазір Софияның Бекқұл баба ауылында тұратын әжесі ғана бар.

«София жазылып келе жатыр, алдағы уақытта ауылға алып кетемін. Анасы мен ағасын жерлеуге көп адам келді. Мектептен, колледжден келіп көңіл айтты», – дейді әжесі.

Көршілері мұндай іске кімнің барғанын білмейді. Айтуларынша, қылмыскер үйге балкон арқылы кіруі мүмкін. Себебі пәтер екінші қабатта.

«Марқұмдармен көрші тұрдым, асүйімнің терезесі балкондарының жанында. Сол күні ұйықтамадым, асүйде отырғанмын, терезе де ашық болды. Бірақ ештеңе естіген жоқпын. Көршілердің камерасына велосипедпен кетіп бара жатқан адам түсіп қалғанын білемін. Күдік жоқ, себебі отбасы тыныш және жанжалға түспейтін», – дейді Екатеринаның көршісі.