Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Баламнан да жас қызға «түсіп» қалдым»: Ахметбек Нұрсила халықтан кешірім сұрады

Белгілі кәсіпкер, психолог Ахметбек Нұрсила Айдана Альвийді зерттемей, кім екенін білместен жарнама жасағаны үшін кешірім сұрады деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі ST.kz-ке сілтеме жасап.

«Баламнан да жас қызға «түсіп» қалдым»: Ахметбек Нұрсила халықтан кешірім сұрады
коллаж: st.kz

Аутоиммундық ауруымды өзім емдеп алдым, енді барлық осындай аурумен ауырған адамдарға көмектескім келеді деген Айдананың сөзіне сенген кәсіпкер оған жарнама жасап берген. Жарнаманың арқасында мыңдаған адам Айданаға емделуге жазылған.

Баламнан да жас қызға «түсіп» қалдым. «Асыққан шайтан ісі» деген рас екен.. Айдана деген келіншек «Вим Ховтың тәсілімен аутоиммундық ауруымды өзім емдеп алдым, енді барлық осындай аурумен ауырған адамдарға көмектесем» деген соң ютуб каналыма, тик токқа, инстаграмға шығарып жарнамаладым келіп. Ақыры Айдананың курсына қатысқан бір топ адам маған «Сіздің айтуыңызбен бардық, өте дөрекі, тәрбиесі бала екен, бізге айтпағаны жоқ, емдемеді, ақшамызды қағып алып, қайтармай отыр» деп шулап жатыр. Мен өз ютуб каналымнан ол бала туралы видеоларымды алып тастадым, бірақ Айдана сол видеолар арқылы аңқау қазақтарды жинап, ақшаларын қағып алып, мазақ қылып отыр, — деді Ахметбек Нұрсила өзінің фейсбук парақшасында.

Өзінің жарнамасы арқылы алданғандардан кешірім сұрау үшін кәсіпкер Зум конференция өткізген.

Ауыруына ем таба алмай жүрген жандарды алдап, ақшасын қағып алып, ай сайын ақша талап ету үлкен ұят қылық, тіпті қылмыс қой. Алаяқтардан сақ болыңыздар! Бұл баланы зерттемей жатып, жарнама жасағаным үшін кешірім сұраймын, — деді ол.