Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қазақша сұраққа орыс тілінде жауап берген жаңа министр депутаттың сынына ұшырады

Мәжілісте «Жылу энергетикасы туралы» заң жобасын таныстырған Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев депутаттық сынына ұшырады, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі baq.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақша сұраққа орыс тілінде жауап берген жаңа министр депутаттың сынына ұшырады
Фото: Baq.kz

Министр депутаттардың қазақ тілінде қойған сұрақтарына орыс тілінде жауап беріп, сынға қалды.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек тақырыпқа қатысты сұрағын қоймас бұрын министрден не себепті қазақ тіліндегі сұраққа қазақша жауап берілмейтінін сұрады.

Біз сізге (министр Алмасадам Сәтқалиев - ред.) қазақша сұрақ қойып отырмыз. Сіз орысша жауап беріп жатырсыз. Бұл дұрыс па? Осыдан бастайын деп отырмын, - деді депутат Базарбек.

Өз кезегінде жаңа министр депутаттың сынына былай деп жауап берді.

Қазақша жауап бере аламын. Бірақ орысша сапалы әрі толық болады, - деп жауап берді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Бақытжан Базарбек барлығы мемлекеттік қызметші болғандықтан тілді үйрену керегін ескертті.

Барлығымыз мемлекеттік қызметшіміз. Үйрену керек. Екіншіден, бүгін үлкен іс-шара болыр жатыр. Дайындалып келу керек не болмаса қазақша сұраққа қазақша жауап беретін қасыңызда көмекшіңіз болуы керек, - деді депутат Мәжілісте.