Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Күдіктімен селфи жасаған полицей жұмысынан қуылды

Департамент басшылығы учаскелік инспектордың бұл әрекетін офицерге лайықсыз деп бағалады.

Күдіктімен селфи жасаған полицей жұмысынан қуылды
фото: ашық дереккөз

Шымкентте үйдің кіреберісінде зейнеткерді зорламақ болған күдіктімен селфи жасаған полицей жұмыстан шығарылды, деп хабарлады paryz.kz, Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Бұған дейін Шымкент полициясы ауыр қылмыс жасаған күдіктімен селфиге түскен полицейге қатысты қызметтік тексеріс басталғанын хабарлаған болатын. Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, сурет күдіктіні полиция бөлімшесіне жеткізу кезінде қызметтік көлікте түсірілген. Департамент басшылығы учаскелік инспектордың бұл әрекетін офицерге лайықсыз деп бағалады.

Тағы да оқи отырыңыз: Шымкенттік полицейдің күдіктімен түскен селфиі өз басына пәле болды

Қызметтік тексеріс нәтижесінде, тәртіптік комиссияның шешімімен полицей өз қызметтік міндеттеріне салғырт қарағаны, қызметтік тәртіпті бұзғаны және Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін қызметінен босатылды.