Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Қазақ елінде тұрғандықтан»: Депутат Надежда Шушаникова мәслихат сессиясын қазақ тілінде өткізуді сұрады (ВИДЕО)

Өскемен қалалық мәслихат депутаты Надежда Шушаникова мәслихат сессиясын мемлекеттік тілде өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап,

«Қазақ елінде тұрғандықтан»: Депутат Надежда Шушаникова мәслихат сессиясын қазақ тілінде өткізуді сұрады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

«Құрметті депутаттар! Құрметті жиналған қауым! 
Менің бір ұсынысым бар. Өзім мемлекеттік тілдің жанашыры болғандықтан, Қазақ елінде тұрғандықтан, мемлекеттік тіл қазақ тілі болып саналғандықтан келесі сессиямызды мемлекеттік тілде өткізсек қалай қарайсыздар?» – деп сауал тастады қалалық мәслихаттың отырысында  депутат Надежда Шушаникова.

Оның бұл ұсынысын әкім де қолдады.

«Бұл қойылып отырған өте орынды сауал. Бұл сұранысты тек депутат Шушаникованың ғана емес, қоғамның сұранысы деп қабылдау керек», – деді бұл сауалға пікір қосқан қала әкімі Жақсылық Омар. 

Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Надежда Шушаникова – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Ол соңғы жылдары өзге ұлт өкілдеріне, ана тілін білмейтін қандастарымыз­ға қазақ тілін үйретіп, мемлекеттік тілдің мерейін өсіруге қызмет етіп жүрген тіл жанашыры.