Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қазақ жерін Ресейге беруді қолдаған қостанайлықтар кешірім сұрады (ВИДЕО)

"16 желтоқсан күні үйде мас болып отырғанда, украиндық блогердің арандатушылық сұрақтарына беріліп қойдым" , - дейді ер адам...

Қазақ жерін Ресейге беруді қолдаған қостанайлықтар кешірім сұрады (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Қазақстан жерінің бір бөлігін Ресейге қосуды қолдаған Қостанай облысы Лисаковск қаласының тұрғындары көпшіліктен кешірім сұрады. Бұл видео Telegram-дағы "Вредный Казах/Қырсық Қазақ" арнасында жарияланды, деп хабарлады paryz.kz.

Кеше әлеуметтік желілерде қостанайлық екі тұрғынның "Ресей Қазақстанның солтүстігін алып алса, біз тек қуаныштымыз" деп ресейшілдік көзқарастарын білдірген еді. Бүгін олар сол сөздерін жуып-шайғылары келіп, айыптарын мойындаған болып отыр.

"Құрметті Қазақстан тұрғындары, мен өзімнің жасаған ақымақтығым үшін шын жүректен кешірім сұраймын! 16 желтоқсан күні үйде мас болып отырғанда, украиндық блогердің арандатушылық сұрақтарына беріліп қойып, үлкен ақымақтыққа бардым. Қазақстанда тудым, тұрамын. Осында білім алдым. Анам зейнетке шықты. Достарым бар. Көршілеріммен тату-тәтті, мерекелерді атап өтеміз", – дейді ер адам.

Оның қасында отырған әйел де мас халде болғанын айтып, ерсі ісі үшін кешірім сұрады.