Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қайрат Боранбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Бүгін елордада қазақстандық бизнесмен Қайрат Боранбаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Paryz.kz, nur.kz-ке сілтеме жасап.

Қайрат Боранбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды
Сурет: nur.kz

Сот шешімімен Қайрат Боранбаев Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылды. Олар: сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ысырап етуге жәрдемдесу; сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету; ақшаны немесе өзге де мүлікті Қылмыстық жолмен жылыстату. "Қайрат Боранбаев Қылмыстық кодекстің 28-бабының 5-бөлігінде, 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында және 218-бабының 3-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет ету құқығынан айырылсын.

Жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу тағайындалсын", — дейді судья Назгүл Бапақова. Сондай-ақ сот қаулысымен Боранбаевтың қамауда өткізген уақыты жаза мерзіміне есептелетін болды. Яғни қамауда болған әр күні 1,5 күнге бас бостандығынан айыру ретінде есепке алынады.