Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Үй беремін дегендер бар». Нұрлан имам 7 баласымен мешітте тұратынын айтты

Әлеуметтік желілер арқылы халық арасында кең танылған Нұрлан имам жеке үйі жоқ екенін, отбасымен бірге мешітте тұратынын айтты, - деп хабарлайды paryz.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

«Үй беремін дегендер бар». Нұрлан имам 7 баласымен мешітте тұратынын айтты
Фото: видеодан скриншот

Имам көпбалалы әке екен. Оның 7 баласы бар. Нұрлан имамның сөзінше, балалары да мешітте тұрады.

"Ел бар, халық бар. Халық имам, молданы асыраған. Мешіттің ішінде тұрамын. Халық біледі оны. Жеке үйім жоқ. "Үй беремін" дегендер бар, Алла разы болсын. Бірақ олардың аржағында мүдде бар. Жоба болғым келмейді. Сондықтан бас тартқанмын. Оны ел де біледі. Мешіттің ішінде жатырмын қазір. Отбасыммен, бала-шағаммен бәріміз мешіттің ішінде тұрамыз. Балаларым барып-келіп оқиды. Қоғамдық көлікпен қатынаймыз. Біз де елдің ішіндеміз. Құдайдың бұйыртқан нәсібі бар", - деді имам.