Жетісу облысында қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған пневматикалық винтовкалар жасырылған орын табылды, деп хабарлайды Paryz.kz, El.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл факт 29 наурызда Кербұлақ ауданында тіркелді. Тықпа орынды жергілікті тұрғындар Қоғалы-Шаған автожолының шетінен тауып, аудандық полицияға хабарлаған.
4,5 және 6 мм калибрлі BSA Ultra, Action sport games және BSA Us үш пневматикалық винтовка тәркіленді.
Қару 2022 жылдың қаңтарында Алматының аңшылық дүкендерінің бірінде ұрланғаны анықталды.
Қазір факт бойынша жиналған материал тәркіленген мылтықтармен бірге аталған полиция бөлімшесіне жіберілді