Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Талғат Жақиянов: Салафиттік ағымдарға заңмен тыйым салу керек

Кәмелетке толмаған қыздармен некелесіп, педофилияны дамытып отырған солар

Талғат Жақиянов: Салафиттік ағымдарға заңмен тыйым салу керек
Сурет: Altyn-orda.kz

Шұғыл түрде салафиттік ағымдарға заңмен тыйым салу керек!  Еліміздегі терактілердің барлығын солар жасады.  Шет елдердегі соғыстарға солар қатысты, әлі де қатысуда.

Есірткі сату, ұрлық, бопсалау, қарақшылық т.б. қылмыс түрлерін діни тұжырымдармен ақтау тәжірибесін қалыптастырып, қылмыс түрлері мен санын арттырып отырған солар.

Ұлттық болмысымызға, мәдениетімізге, салт-дәстүрімізге, өнерімізге, тарихымызға, шежіремізге жүйелі шабуыл жасап, жоюға белсенді әрекет жасап жатқан солар.

Мемлекетімізді, заңдарымызды мойындамай, түбінде Халифат (ислам теократиялық мемлекетін) құруды армандайтындар, осы мақсат үшін сырттағы аналогиялық топтармен кез келген уақытта бірігіп кетуге дайын отырғандар солар.

Діни сипаттағы жеке меншік бала бақшалар, мектептер ашып, білім саласын теологизациялап жатқандар да солар.

Ғылыми тұжырымдарды жоққа шығарып, сенушілерін орта ғасырлық өмір салтына қайтаруға тырысып жатқандар да солар.

Медициналық қызметтердің көпшілігін мойындамай, қоғамның денсаулығына зиян келтіріп жатқан да солар.

Ұлттық заңнамаға қарсы шығып, діни догматикалық тұрғыдан талаптар қойып, өз еліне сыртқы күштермен қысым жасап жатқандар да солар.

Бірнеше әйел алып, талақ айтып, ажырасып, отбасы құндылықтарын ыдыратып жатқан солар.

Балиғатқа толды деп, кәмелетке толмаған қыздармен некелесіп, жыныстық қатынасқа түсіп, педофилияны дамытып отырған солар.

Енді соқыр сеніммен періште сәбилерін өлтіріп жатыр…

Енді қандай апат, қандай жарылыс, қандай трагедия, қандай сұмдық оқиға болуы керек бұл ағымдарды тоқтату үшін???

Келешек ұрпақ үшін, ел үшін қоғам болып бірігіп, тоқтату керек бұл індетті!!!

Талғат Жақиянов

Фейсбуктегі парақшасынан