Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Ауызашарда билегісі келетіндер бар»: Нұрлан имам оразаны шоуға айналдыратындарға шүйлікті

Әлеуметтік желі арқылы халыққа кеңінен танылып, халықтың сүйікті имамына айналған Нұрлан қажы Байжігітұлы ауызашарды шоуға айналдырмауға шақырды. Бұл туралы ол «Хабар» арнасындағы «Оян» бағдарламасында айтқан, деп хабарлайды paryz.kz.

«Ауызашарда билегісі келетіндер бар»: Нұрлан имам оразаны шоуға айналдыратындарға шүйлікті
Фото: видеодан скриншот

Имамның айтуынша, Рамазан айында көбірек құлшылық жасауға тырысу керек.

«Жасыратыны жоқ, қазіргі ауызашарларымыз шоуға айналып бара жатыр. Әсіресе, өнер адамдарының өлең айтқаны жиі кездеседі. Дұрыс қой, ұлттық дәстүрімізді дәріптеуіміз керек. Бірақ соны қалай дәріптеп жатырмыз? Мәселе осыда. Анаға деген құрмет, отанға деген махаббат, ұлағатты сөздер - бұл тәлім дүние. Алайда тым қатты қуанышқа беріліп кетпеу керек.

Рамазан айы - құлшылықтың айы. Адамды өзгертетін ай. Кейбір ауызашарларда билегісі кеп тұратын адамдар бар. Қарны тойып, бойына қан жүгірген соң, делебесі қозып, шпагатқа отырып, билеп кетпеу керек. Бұл құлшылыққа үлкен нұқсан алып келеді. Мүмкін бір кітап оқығаны дұрыс шығар. Қазір имам, ұстаздарымыз көп. Соларды шақырып, уағызын тыңдап, соны өміріне енгізген жөн болар ма еді? Немесе жақсы хабарлар таралуда БАҚ-та. Соны көру - ең пайдалы дүние», - деді Нұрлан Байжігітұлы.