Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Алматыда 11 мыңнан астам ағаш кесілсе де ешкім жазаланбайтын болды

Осыған байланысты Жасыл экономика басқармасындағылар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз берді.

Алматыда 11 мыңнан астам ағаш кесілсе де ешкім жазаланбайтын болды
фото: ашық дереккөз

Алматы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Жасыл экономика басқармасының тапсырысымен Құлжа тасжолында жаңа сауда және ойын-сауық орталығы салынып жатқан ЖШС-ге қатысты талап-арызды қабылдамады. 11 мыңнан астам ағашты кескені үшін ешкім жазаланбайтын болды, деп хабарлады paryz.kzinAlmaty.kz-ке сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, 2020 жылдың ақпанында қоғам белсенділері Құлжа тасжолы мен Бұқтырма көшесінің қиылысында, сауда және ойын-сауық орталығының құрылыс учаскесінде жаппай ағаш кесілгенін хабарлады. Осыған байланысты Жасыл экономика басқармасындағылар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз берді.

20 желтоқсанда Алматы МАЭС судьясы Динара Шарғынованың шешімімен компанияға 11 049 ағашты кесуді заңсыз деп тану туралы талап-арызда әкімдікке өтемдік отыртқызудан бас тартылды.

"Сот, біріншіден, жауапкердің іс-әрекетінің заңсыздығы фактісі қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен анықталуға жатады деп санайды. Сонымен қатар, Медеу аудандық полиция басқармасы тергеу бөлімінің 2020 жылғы қыркүйектегі қаулысымен сотталушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Бұдан басқа, 11 049 ағаш өскен алқап жауапкер тараптың жер учаскесінен 4 есе артық. Соңғы түгендеу 2018 жылы жүргізілген, бірақ, одан кейін талапкер тарап жауапкердің учаскесіндегі жасыл желектерді есептеуге тексеріс жүргізбеді", - деді судья.

Осы негізде сот талап қоюдан бас тарту туралы шешім қабылдады. Соттың шешіміне бір ай ішінде апелляциялық шағым немесе прокурордың өтініш хаты берілуі мүмкін екені айтылады.