Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Алматы облысында бұзақылар 150 теңге үшін көлік жүргізушісін аяусыз ұрған (ВИДЕО)

Полиция қызметкерлері қарақшыларды іздегілері келмей отыр.

Алматы облысында бұзақылар 150 теңге үшін көлік жүргізушісін аяусыз ұрған (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысының Жетіген станциясында бұзақылар автобус жүргізушісін соққыға жыққан. Бұл туралы "Green Bus Company" ЖШС-і директорының орынбасары Бақытжан Рысбаев Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады paryz.kz.

"Күндіз №220 маршруттың жүргізушісіне Жетіген ауылының бірнеше жас жігіті қарақшылық шабуыл жасады. Жүргізушіні ұрып-соғып, қабырғаларын сындырып, бар ақшаны алып кетті", - дейді ол.

Оның сөзінше, полиция қызметкерлері қарақшыларды іздегілері келмей отыр.

"Куәгерлерден жауап алуды сұраймыз!", - деп әділдік талап етті Рысбаев.

Оқиға куәгерінің айтуынша, содырлар бар болғаны 150 теңге үшін адамды аяусыз ұрған. Ол видео мына сілтемеде.