Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Қызылордада ресейлік тауық етінен сальмонелла және протей бактериялары табылды

Зерттеулердің нәтижесінде анықталған сәйкессіздіктер бойынша облыстағы 32 сауда нысанына заң бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамалар берілді.

Қызылордада ресейлік тауық етінен сальмонелла және протей бактериялары табылды
фото: дереккөз

Қызылордада саудаға шығарылған 665 келі құс етінен сальмонелла және протей бактериялары табылды. Оны санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары анықтады, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Жарамсыз балапан бройлердің жіліншігі мен төс еті Ресейден әкелінген екен. Жалпы жыл басынан бері өңірде түрлі тауарлардан 1851 сынама алынса, соның 111-і тиісті талаптарға сай болмай шыққан. Оның 98-і – тамақ өнімдеріне қатысты жағдай. Мамандар көбіне құс еті, ет өнімдері, алкогольдік сусындар және кондитерлік өнімдерден олқылықтар шығатынын айтады.

"Зерттеулердің нәтижесінде анықталған сәйкессіздіктер бойынша облыстағы 32 сауда нысанына заң бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамалар берілді. Сонымен қатар, ғаламтордан сәйкес келмейтін өнімдер тізілімі деп терсе, қандай өнімнен, қайда өндірілген өнімнен қандай сәйкестіктер анықталды, осы жөнінде толық мәлімет шығады", - деді санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.