Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Күйеуінің көңілдесін тізерлетіп отырғызып видеоға түсірген келіншекке үкім шықты

Өзбекстанда әйел күйеуінің көңілдесін алдына тізе бүгуге мәжбүрлеген видеосы желілерде кеңінен тарады. Бұл әрекеті үшін әйел айыппұл төледі деп хабарлайды Teznews.kz порталы UzNews порталына сілтеме жасап.

Күйеуінің көңілдесін тізерлетіп отырғызып видеоға түсірген келіншекке үкім шықты
Фото: видеодан скриншот

Бұл видео өткен жылдың 28  қыркүйегінде тараған. Әйел күйеуімен қарым-қатынаста болды деп айыптаған көрші махалла тұрғынын балағаттап, тізе бүктірген.

Осы факті бойынша құқық қорғау органдарына азамат Д. атына аталған іс бойынша материалдар қылмыстық істер бойынша аудандық сотқа қарауға жіберілді.

Сот шешімімен азаматшаға қорлағаны үшін кінәлі деп танылып, айыппұл салынды.