Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Алматы облысында 15 жастағы оқушы қыз босанды": Әкесі 53 жастағы көршісі болып шықты

Алматы облысында оқушы қыз ана атанды. Бұған дейін баланың әкесі 53 жастағы көршісі болуы мүмкін деген болжам айтылып еді.

"Алматы облысында 15 жастағы оқушы қыз босанды": Әкесі 53 жастағы көршісі болып шықты
Фото: видеодан скриншот

Жақында күдіктіден ДНҚ сынамасы алынды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Koremiz бағдарламасына сілтеме жасап.

Қыздың ата-анасы көршілері 60 қа аяқ басқан Адал есімді азаматтан күдіктенгенімен, ол мұны жоққа шығарып, тіпті "зорлаған өзінің ағалары" деп басқаларды айыптаған болатын. 

Сонымен, ДНҚ сынамасы алынды. Оның нәтиесі жаға ұстатты.  Оқушы қыздың сәбиінің әкесі 53 жастағы көршісі дәл сол Адал болып шықты.  

"14 ақпан 2023 жылы кәмелет жасқа толмаған қыз босанды. Жаңа туылған сәбиден биологиялық материалдар алынып, генетикалық сараптама тағайындалды. Аталған сараптаманың қорытындысына сәйкес 99 пайыз баланың әкесі болып бұрын күдікті ретінде таныған 1969  жылы туылған Междуреченск ауылының азаматы болып анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. 1969 жылы туылған азамат қазіргі уақытта қамауға алынды", - деді Алматы облысы, Іле ауданына қарасты тергеу басқармасының бастығы Дастан Таңқақов.

"Аман-есен босанды. Дүниеге қыз бала келді. Есімін Ботагөз деп қойдық. 2,880 салмақпен дүниеге келді. Бойы 53", - дейді 15 жастағы қыздың анасы Меруерт Шеңгелбаева. 

Сексолог мамандар қыздардың өзін зорлаған адамнан неге тез жүкті болып қалатынын түсіндірді.

"Әдетті қызды зорлаған кезде өмір сүру инстинкті пайда болады. Ол овуляция сияқты болмаса да қорыққандықтан стресс болып тез көтеріп қалады",- деді маман иесі.