Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Бесікте тербелген баланың ми талшықтары жақсы қалыптасады», - көпбалалы ана

Бесіктің сәби өмірінде тәрбиелік мәні зор. Сол арқылы анасы баласына тілегін жаудырып, болашағына бағыт-бағдар береді, деп жазады Paryz.kz ақпараттық агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

«Бесікте тербелген баланың ми талшықтары жақсы қалыптасады», - көпбалалы ана
Сурет: astanatv.kz

Бесік сан ғасыр өтсе де мәні мен маңызын жоймай келеді. Сәби дүниеге келген соң нағашылары қасиетті бұйымды сыйға әкеледі. Және ол ұрпақ сабақтастығы ретінде атадан-балаға сақталады. Ал бесік жырымен сусындаған бала болашағына мол азық алып өседі,-  дейді мамандар.

Рәпіш қос бүлдіршінін әлдисіз ұйықтатқан емес. Тұңғышын 2 жасқа дейін бесікке жатқызған. Ұлы да туғалы бесікте. Жас та болса, бесігін төрге қойып, ашық қалдырмайды. Бұл анамның ақ сүтімен бойыма сіңген тәрбиенің негізі дейді. Ал бұйымның бала денсаулығына пайдасы зор деп есептейді.

Қазіргі аналардың көбісі бесікті қаламайды, бесікке бөлеме деген өздерінің әңгімесі бар. Миы шайқалады деген. Жоқ, бала керісінше бесікте тербелу арқылы, ми талшықтары қалыптасады екен негізі. Соны білген ғой дана халқымыз. Сондықтан деп ойлаймын менің балаларымның барлығы бесікте өздерін жайлы сезінеді.

Бесіктің сәби өмірінде тәрбиелік мәні зор. Сол арқылы анасы баласына тілегін жаудырып, болашағына бағыт-бағдар береді, - дейді Рәпіш Төлеп, қала тұрғыны.

Қазіргі таңда сәбилерге арналған жөргектің түрі көп. Бірақ оның пайдасы мен зияны туралы нақты мәлімет жоқ. Ал бесіктен аяқтанған баланың бойы қашанда таза болады. Қай тұрғыдан алсақ та, бесіктің маңызы мен мәнін өмір өзі дәлелдеген.