Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Танымал қоғам белсендісі ауруханаға түсті

"Не молчи" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі жүрек ұстамасымен ауруханаға түсті, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

Танымал қоғам белсендісі ауруханаға түсті
Фото: Instagram/nemolchikz_official

Бұл туралы қордың ресми Instagram-парақшасында хабарланды.

"Достар, кеше түнде Дина жүрек ұстамасымен шұғыл ауруханаға түсті. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, бірақ дәрігерлер үзіліс жасап, денсаулығына мұқият болуды ұсынады. Бұл бір ай бойы әлеуметтік желіде болмаймыз деген сөз емес, бастаған жұмысымызды тастап кете алмаймыз, бірақ әзірге жаңа өтінімдерді қабылдамаймыз. Кеше және бүгін 40-тан аса хабарлама келіп түсті, біз оларға жауап бермедік. Сондықтан оқып, түсіністікпен қарайсыздар деп сенеміз", - делінген хабарламада.


Сондай-ақ, қор мүшелері төтенше жағдайда қандай нөмірлерге хабарласу керегін ескертті.

"Төтенше жағдайда болса, 102, 111, 150 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз. Әлеуметтік желіде көмек сұраудан қорықпаңыз, сізге әрқашан қолдау көрсетіледі", - делінген хабарламада.