Маманның ісі бірден Тәуекел Мүсілімге ұнамады. Ол мониторингтік топ өкіліне өз наразылығын білдіріп, онымен сөзге келіп қалған...
Әлеуметтік желіде отандық шоу-бизнес өкілі Тәуекел Мүсілімнің карантин кезінде бір топ өнер иелерімен отырыста ұсталған сәтінен видео тарады, деп хабарлады paryz.kz, qaz.stars Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Видеода белгілі актер мониторингтік топ өкіліне ашуланып, онымен сөзге келіп қалды.
Оқиға Алматыдағы мейрамханалардың бірінде болған. Бейнежазбада бір дастархан басында отырған өнер иелерінің жиынына мониторингтік топ өкілдері кіріп келеді. Карантин шараларының қатаң сақталуын тексеретін мамандар отырыстың үстінен түскен бойда, ұсталған шоу-бизнес өкілдерін камераға түсіре бастаған.
Маманның ісі бірден Тәуекел Мүсілімге ұнамады. Ол мониторингтік топ өкіліне өз наразылығын білдіріп, онымен сөзге келіп қалған.
Белгілі болғандай, ондағы адамдардың ұсталғанына қатысты жағдай Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабектің ұйымдасырған пранк идеясы екен. Қос әзілкеш әнші, актерларды осылай алдамақ болған.