Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қарағандыда тірі адамдар өздеріне бейіт салдыра бастады (ВИДЕО)

"Мынау – екі бизнесменнің бейіті. Бұл да керемет дейді. Бірақ, бұл бейіттің ең қызығы – іші пустой..."

Қарағандыда тірі адамдар өздеріне бейіт салдыра бастады (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Өзгермейтін биліктен шаршады ма, әлде, ковидтен қорықты ма, әйтеуір, Қарағандының қалталылары көзі тірісінде өздеріне бейіт салдыра бастапты. Бұ дүниеден о дүниеге кетуге асыққан сыңайлы, деп жазды paryz.kz.

Автокөлігімен қорым жағалап келе жатқан бір жігіт Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің анасының бейітін көрсетіп, одан кейін тұрған екі бос бейітті де тілге тиек ете кетті.

"Мынау – екі бизнесменнің бейіті. Бұл да керемет дейді. Бірақ, бұл бейіттің ең қызығы – іші пустой. Олар тірі адамдар екен. Ағайынды екі бизнесмен өздеріне салғызып қойған", - дейді видео авторы.

Бұл жазбаны Бағлан Оразәлі атты азамат Facebook желісіне жариялады. Видео мына сілтемеде.