Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Жалғызбасты әйел 27 жыл бұрын перзентханаға тастаған қызына іздеу салды

Жалғызбасты әйел 27 жыл бұрын перзентханаға тастаған қызын іздеп жүр. Бұл туралы тележурналист Гүлмира Абықай Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады Paryz.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Жалғызбасты әйел 27 жыл бұрын перзентханаға тастаған қызына іздеу салды
Фото: turkystan.kz

 

«Жұмыс бітіп, пробкада тұрмын.
Безілдеген телефонды көтерсем, ар жақтан жыламсыраған әйелдің даусы естілді:
– Қызымды табуға көмектесіңізші, баламнан ажырап қалды – деді, жалынышты үнмен.
– Сіз кімсіз? Қызыңыз қайда? Қандай жағдайда ажырадыңыз? Оқиға қашан болған еді? – деп, сұрақты төндірдім.
Cөйтсем, ол 1974 жылғы Түркістан облысының тумасы екен.
– Жасым 50-ге таяп қалды. Ауырмайтын жерім жоқ. Денсаулығым нашар. Бағып-күтетін қыз керек, – дейді.
– Жоқ, енді қызыңыз қайда? Түсіндірсеңізші, десем:
– Бұрын 1996 жылы туып, перзентханаға тастап кеткенмін.
– Неге? Не себепті?
– Әке-шешем қатал қарсы болды. Жүкті екенімді білсе, мені өлтіріп тастайтын еді. Өзім жаспын, оқу жұмыс жоқ, қалай бағамын? Сосын, амалым жоқ перзентханаға тастап кеттім. Енді, соны іздеймін.
– Сосын?
– Не сосын?
– Жаңа туған әлдиді тастап, қайда бардыңыз?
– Үйіме бардым. Ештеңе болмағандай, әкем мен бауырларым білмейді. Көп ұзамай анам қайтыс болды. Бауырларым үйленіп, әйелімен кетті. Ал, мен сол күйі күйеуге тимедім. Енді міне 50-ге де келіп қалдым. Өзімді қарайтын адам керек, – деді.
– Ал, жақсы мен қызыңызды тауып беремін. Бірақ, ол қыз сізге құстай ұшады деп ойлайсыз ба? Жоқ, әрине! Жақсы отбасы асырап алған болса, өз өміріңізбен бірге оның да өмірін құртасыз ғой – деп, бастаған ем, телефонды өшіре салды» – деп жазды тележурналист.