Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Тек кремге 150 мың теңге жұмсаймын – Жетпістен асқан шалынан сыйлыққа күнде гүл мен алтын алатын апа

Желіде жетпістен асқан жолдасынан күнде гүл мен бағалы сыйлықтар алатын апаның видеосы тарады. Оның айтуынша, жолдасы бүгінде жасы жетпістен асса да, апаға күнара гүл сыйлап тұрады екен, – деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Caravan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Тек кремге 150 мың теңге жұмсаймын – Жетпістен асқан шалынан сыйлыққа күнде гүл мен алтын алатын апа
фото: aikyn.kz

«Ой, мен күнде аламын ғой сыйлықты. Алтын да, киім де әпереді, гүлді де күнде, күнара әпереді. Жолдасым үлкен қызмет істеген. Қазір енді жетпіске келсе де, әлі де қызмет істеп жүр", – деді апа.

Ал тілшінің: «Күтінесіз бе? Оған қанша шығын кетеді?» деген сұрағына зейнеткер былай деп жауап берді.

«Менің шығыным көп қой. Күнде деп айтпай-ақ қояйын, бір айда жүз елу мың болады. Бұны тек кремге, анаған-мынаған жұмсаймын. Ал, киімге есеп жоқ қой. Жолдасым ұнатқан киімді әпере береді», – деді ол.

Желі қолданушыларының аталған видеоға қатысты пікірлері қақ жарылған. Олардың бірі апаны жақтаса, енді бірі даттап шыққан.

«Қандай керемет апа, бізге де осылай қартаюды жазсын», «Күшті сыйлықтар әпергеніне қарағанда ағамыз мықты жерде отырған сияқты ғой», «Ақ жаулықты әжеге осылай айтып тұрған түк жараспайды екен» деп жазды олар.