Алматы полициясы 35 жастағы Айсара Рысаковаға жеке куәлік алуға көмектесті, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Ахановтың айтуынша Айсара Рысакова бірнеше ай бұрын полициядан көмек сұраған. Бала күнінде жетім қалғандықтан, туу туралы куәлігі жоғалған. Арада жылдар өткенде ол құжаттарды уақытында толтыра алмаған.
«Бұл оқиғаны естігеннен кейін, біз Айсараға көмектесуді мақсат еттік. Біртіндеп қажетті құжаттарды жинадық, көші-қон қызметіндегі әріптестермен бірге Айсараның жеке басын растадық. Оған заңды қолдаудан бөлек, психологиялық көмек те көрсетеміз. Бірнеше ай бойы күш салғаннан кейін, Айсара алғашқы құжатын алды. Енді ол әлеуметтік төлемдер ала алады және тұрғын үй кезегіне тұра алады», – деді Дидар Аханов.