Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Ешкімге соқтықпай жүрсе, шаруамыз не?!": журналист Құралай ханымға шүйлікті

Сондай-ақ, Кенжекей Тоқтамұратқызы "Ерен еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталған оның не себепті осындай атаққа лайық болғанын түсіне алмай дал.

Ел ішінде өзіне Құралай ханым деп ат қойып алған мына ханым Құралай ханым экономиканың, болмаса мәдениеттің, болмаса,...

Опубликовано Кенжекей Тоқтамұратқызы Понедельник, 14 декабря 2020 г.
"Ешкімге соқтықпай жүрсе, шаруамыз не?!": журналист Құралай ханымға шүйлікті
Фото: ашық дереккөз

Көпшілікке "Құралай ханым" деген атпен танылған Құралай Ошақбаева есімді желі белсендісін журналист Кенжекей Тоқтамұратқызы Facebook-тегі парақшасында әбден сынады, деп жазды paryz.kz.

Журналист оны "псевдопсихолог" деп атап, өткізіп жүрген дәрістеріндегі қателерін жазды.

"Құран жаттаттым деп, бақытты дұға деп абжатын жаттатқан, Құнанбай өсекке сеніп, Қодар мен Қамқаны өлтірді деп жала жапқан, Абайды тудырған қажы Құнанбайды қаралаған, өзіне оқымаған психологпын деп ат қойған Құралай Ошақбаева сияқты әкімшілік жағалап, лекция оқитын мәслихаттың депуттаттығынан үміткер осыны оқыса, дұрыс болар еді", - дейді журналист.

Сондай-ақ, Кенжекей Тоқтамұратқызы "Ерен еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталған оның не себепті осындай атаққа лайық болғанын түсіне алмай дал.

"Ел ішінде өзіне "Құралай ханым" деп ат қойып алған мына ханым экономиканың, болмаса, мәдениеттің, болмаса, денсаулық сақтаудың нақты қай саласын дамытқаны үшін "Ерен еңбегі үшін" деген медаль алып отыр? Әлде, карантин кезінде дүкен ашып, би кешін ұйымдастырғаны үшін бе? Пандемия кезінде бәріміз жанталасып жатқанда, Бәйтеректің жанына барып, медитациясымақ жасағаны үшін бе? Әлде, дәрігерлердің жанына барып, ерікті болды ма екен? Журналистер сияқты күні-түні стихия туралы ақпарат таратты ма? Шынымен айтыңыздаршы, бәлкім біз білмейтін бір еңбегі бар шығар, а? Знаете, медаль жалко емес. Ешкімге соқтықпай жүре берсе, шаруамыз не?!" - деп ренішін білдірді жазба авторы.