Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Елордалық екі әйел тұрғындардың 157 млн теңгесін жымқырған

Салым сомасының 100 пайызында пайда ұсына отырып, әйелдер шамамен 70 адамды алдаған.

Елордалық екі әйел тұрғындардың 157 млн теңгесін жымқырған
Фото: ашық дереккөз

Астанада 45 және 65 жастағы екі әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады paryz.kz, Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаяқтар онлайн түрде ақшаны қалталарына басқан.

"Биыл сәуір айында полицияға 45 және 65 жастағы екі әйелге қатысты ұжымдық арыз келіп түсті. Олар мессенджер арқылы ақшаны көбейту жолымен топ құрып, пайдаланушыларды шақырған. Чатта алаяқтар биржаларда тез ақша табуға уәде береді. Бірақ тергеу нәтижесінде, әйелдердің қаржы жүйесіне ешқандай қатысы жоқ екені анықталды. Салым сомасының 100 пайызында пайда ұсына отырып, әйелдер шамамен 70 адамды алдаған. Азаматтарға келтірілген жалпы шығын 157 миллион теңгеден асады", - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқи отырыңыз: Биыл жұрт қаржы пирамидаларына 8 млрд теңге шашқан

Осыған байланысты полиция қызметкерлері қаржы пирамидаларына жоламауды ескертіп отыр.