Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Айнұр Тұрсынбаеваның колбасасына жүн шықты (ВИДЕО)

"Бұл рас. Өткен аптада мен Шымкенттің Алаш базарынан дәл осы шұжықты алдым. Асығыс болған соң, үйге келіп кессем, ішінен жүн бе, ақ бірдеңелер шығып жатыр. Балаларыма көрсетпей, итке лақтырдым..."

Айнұр Тұрсынбаеваның колбасасына жүн шықты (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның "AIDYN NURY ET" деп аталатын шұжықтарының ішінен тауықтың жүні шығып жатыр. Ол туралы видео қазір әлеуметтік желілердің бәрін кезіп жүр, деп жазды paryz.kz.

Қабығында өз суреті бар бұл шұжықтарды ол Түркияда шығарып жатыр. Бастапқыда оны алғаш көрген жұрт әлеуметтік желіде: "Айнұрдың еті ме? Шошқаның етінен жасалғанына шошқаның суретін, сиырдікіне сиырдікін жабыстырушы еді. Бұнікі қызық болған екен", "Мусульманскийдің сыртына фотосын қоя салған ба?" деп әбден қыжыртқан болатын. Енді міне, сол "халал" шұжықтардың жүн-жүн болып шыққаны өзі де кейінгі кезде діндар болып жүрген ақынның абыройын айрандай төкті.

Мысалы, Айнұрдың суреті омырауынан кесілген сол видеоны жүктегендердің бірі Сауытбек Сейсенбаев Facebook-тегі парақшасына: "Мынау рас болса, масқара. Осы Айнұрдың өзінің цехы бар ма, әлде ақша үшін реклама ма? Халал деген сөз көп фирмаларға товарларының жақсы өтуіне үлкен ықпал етуде. Кімнің достығында Айнұр бар екен, парақшасына осы видеоны салсаңыздар дұрыс болар еді. Сақтықта қорлық жоқ, абай болыңыздар!" деп жазды. Ал Ботагөз Көшербай атты желі қолданушы: "Малды бүтіндей салған ба? Не деген сұмдық?!" - деп отыр.

Тағы оқи отырыңыз: Айнұрдың "колбасасы" жуан әрі ұзын екен...

Ол видеоға пікір қалдырған Болат Жолдасов атты азамат: "Колбасаның халалы болмайды ғой. Неге түсінбейді осы адамдар", - деп күйінсе, Гүлмира Исмаилова: "Менің шұжық заводында істеген құрбым айтады, шошқаның майы болмаса, колбаса бірікпейді екен" деп жазды.

Ал Нұржанат Нұрқанат деген кісі: "Бұл рас. Өткен аптада мен Шымкенттің Алаш базарынан дәл осы шұжықты алдым. Асығыс болған соң, үйге келіп кессем, ішінен жүн бе, ақ бірдеңелер шығып жатыр. Балаларыма көрсетпей, итке лақтырдым. Жасап шығаратын зауытты тексеру керек. Масқара ғой бұл деген! Адам жейді ғой, мал емес. Енді алмағаным шұжық болсын дедім", - дейді.

Келесі пікір иесі Бақтыгүл Оразымбетова болса, "Колбаса жемеңіздер! Ол өте зиянды. Құрамы, дайындалған орны күмәнді. Арам өлген, ауру, арық малдарын цехқа өткізгендерді көз көрген. Қазір өндірушілердің ақшаға құныққаны сонша, обал-сауапты ұмытқан. Колбаса түгіл, ет алып жеуге қорқасың. Мал бордақылаушылар жемге неше түрлі химикат қосады. Қолда байланып, адал сойылған малдың етін тұтынайық. Сәл қымбаттау болса да таныстардан, сенімді адамдардан алған жақсы", - деп өз білетіндері мен ақыл-кеңесін айтты.