Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Қай еркек өзіне тоқал алғысы келмейді?»: Танымал актер Дулыға Ақмолда тоқал алуды жақтап шықты

Танымал актер Дулыға Ақмолда тоқалдық туралы ойын ашық айтып, көптің сынына қалды. Желі қолданушылары қазақ зиялаларының бұдан басқа талқылайтын тақырыбы жоқ па деп налыды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Caravan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қай еркек өзіне тоқал алғысы келмейді?»: Танымал актер Дулыға Ақмолда тоқал алуды жақтап шықты
Фото: duliga_akmolda

Актер «тоқал алғым келмейді» деген адамдар шындығында керісінше тоқал алуға қарсы емес адамдар екенін айтты.

«Қай еркек тоқал алғысы келмейді деп ойлайсыз? Өтірік ол алғым келмейді дегендері. Тоқал алуым керек деп ала салуға болмайды ғой? Ең бірінші адамның материалдық жағдайы соған сай болып тұруы керек. Құранда бәрі жазылған ғой, тоқалды қалай алу керек, ол үшін сен не істеуің керек? Оның жағдайын қалай жасауың керек? Үлкен бәйбішемен оның жағдайы тең болу керек. Оған деген махаббатың да екеуінің арасында тең жүруі керек. Анаған тамақ алып берсең, тура сол тамақты анаған да апаруың керек. Өзінің шарттары бар. Сен соған дайын болуың керек. Қазір айтып, қазір ала салу деген жоқ, сондықтан оның барлығына абайлап бару керек деп ойлаймын. Жағдайы жоқтықтан, мысалы бір семьяны асырай алмайды ғой қазір жігіттер?», - деді актер.

Желі қолданушылары актерді осы пікірі үшін сынға алған. Олар:

«Тоқал аласыз, алмайсыз, біздің шаруамыз қанша? Зиялылар қашан қояды екен осы тақырыпты талқылап?», «Оййй, осы тоқал деген тема тіпті жиіркенішті болып кетті. Инста тоқал, телевизор тоқал, әртістер тоқал, діндарлар тоқал айтатындары бітпейтін бір тоқал әйтеуір», «Баска проблемаларды көтермейсің бе, еркек болсаң», деп жазды олар.