Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Атырауда балабақша тәрбиешісі баланы тепкінің астына алған

Бұл үндеуін атыраулық азамат Қазақстанның Бас прокуратурасына, Ішкі істер, Білім және ғылым, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктеріне, Атырау облысының әкімі мен Балалар құқығы жөніндегі өкілетті уәкіл Аружан Саинға жолдаған. 

Атырауда балабақша тәрбиешісі баланы тепкінің астына алған
Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде атыраулық балабақшада түсірілген жұрттың жағасын ұстататын видео тарады. Бейнежазбада тәрбиешінің баланы аямай ұрып жатқаны байқалады, деп хабарлады paryz.kz.  

"2019 жылы 18 қарашада Атыраудағы "Алтын балық" балабақшасының тәрбиешісі менің баламды бірнеше рет соққының астына алғаны белгілі болды. Балабақшада түсірілген 25 бейнежазба бар. Алайда мекеме қызметкері әлі балалармен жұмыс істеп жүр", - деп жазған баланың әкесі. 

Ер-азаматтың сөзінше, олардың шағымданбаған жері жоқ екен. 

"1 жылдан астам уақыт өтсе де, еш нәтиже жоқ. Прокуратура да, қалалық полиция бөлімі де қол қусырып отыр. Бұл 13 ай біздің отбасымыз үшін қиынға соқты. Біз ата-ана ретінде әділдік орнап, тәрбиешіні жауапқа тартуды сұраймыз", - деп қосты ол. 

Бұл үндеуін атыраулық азамат Қазақстанның Бас прокуратурасына, Ішкі істер, Білім және ғылым, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктеріне, Атырау облысының әкімі мен Балалар құқығы жөніндегі өкілетті уәкіл Аружан Саинға жолдаған. 

Өз кезегінде құзырлы органдар бұл оқиғаға қатысты пікір білдірі. 

"№20 "Алтын балық" балабақшасында тәрбиеші баланы ұрып-соққан. Арыз баланың ата-анасынан түсті. Қазіргі таңда шағым білім беру саласының бақылау департаментінде тіркелді. Балабақша тәрбиешісіне айыппұл салынып, жұмыстан қуылды. Қазіргі таңда іс ІІМ қарауында", - делінген ресми хабарламада.